Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы бойынша ең таза ауыл таңдалды
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ұлан ауданының барлық елді-мекені қатысқан «Таза ауыл» байқауы жарияланған еді. Аталмыш байқауға ауданнан 45 елді-мекен қатысып өздерінің береке-бірлігін көрсетті.
Байқау аясында ауылдардағы көшелер тазаланды, абаттандыру жұмыстары жүргізілді және жасыл желек отырғызылды. Әсіресе Жанұзақ ауылында еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін береке-бірлік танытып, бір адамдай сеңбілікке белсене ат салысты. 45 елді мекеннің арасынан үздік атанған Жаңаұзақ тұрғындары аудан басшылығынаң 10 миллион теңге сертификатының иегерлері атанды. Жүлдені тұрғындар өздара ақылдаса келе, ауылдарына қажетті дүниеге жұмсайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -