Шығыс Қазақстан облысының сот қызметкерлері марапатталды
Өскеменде кәсіби мереке – Судьялар мен сот қызметкерлерінің күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлерін құттықтап, заңдылықты нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс айтты.
- Мемлекет басшысы сот жүйесі жұмысының сапасына, бұл салаға білікті мамандарды жұмылдыруға, әділ сот төрелігін орнатуға әрдайым назар аударуда. Сонымен қатар Президентіміз соттар мен сот рәсімдері қазіргі заман талабына сай болуға және азаматтардың, бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғауға тиіс екені туралы ерекше айтқан. Сот жүйесімен сот шешімдері арқылы шындық пен әділеттік іздеген азматтардың үміттері үзілмейді деген сеніммен, Сіздерге зор денсаулық, кәсіби жетістіктер тілеймін! - деді облыс әкімі.
Шара судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін марапаттау рәсімімен жалғасты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -