Шығыс Қазақстанда Сібе көлдерінде жағажай маусымының ашылуы өтті
Бүгін Сібе көлдеріндегі муниципалды жағажайдың ашылуы өтті. Шараға облыс тұрғындары мен қонақтары қатысты. Келушілер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Ұлан ауданының әкімі Думан Рахметқалиев атап өткендей, маусым басталар алдында муниципалды жағажайдың аумағы толығымен абаттандырылды. Нысандағы балалар алаңының құрылысы жаңартылып, жағажайға құм төселді.
Сібе 5 көлден тұратын көпшілікке белгілі көл жүйесі. Таза және мөлдір су аудан тұрғындары мен қонақтарының, сондай-ақ кәсіби дайверлердің арасында өте танымал. Айта кетерлігі, туризм саласы басты бағыттардың бірі болып табылады. Туристік нысандарға бай Шығыс Қазақстан облысы еліміздің ең көрікті жерлерінің қатарына енген.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -