Шығыста «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасуда
Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысында «Эко сақшы» жобасы басталды.
Жоба аясында жұмыс тобы құрылып, өңірдің әр ауданында эко-тур ұйымдастырылатын болады.
Бүгін алғашқы эко-тур Самар ауданынан бастау алып, әрбір ауылдық округтен тағайындалған эко сақшыларды оқыту жұмысы және Бұқтырма өзенінің жағалауында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке ауданның эко сақшылары және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының белсенділері, волонтерлер қатысты.
Самар ауданынан басталған эко-тур өңірдің барлық ауданында жалғасын табады.
#ShygysJastary #ТазаҚазақстан
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -