Өскеменде 600 орындық мектептің құрылысы жалғасуда
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында «Самұрық-Қазына құрылыс» АҚ тапсырысымен Өскемен қаласының 19-шағын ауданында 600 орындық мектеп салынуда.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше жоба барысымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев танысқан болатын. Қазіргі уақытта нысанды қазу жұмыстары аяқталып, ғимараттың іргетасы қаланған, жертөле қабырғалары оқшауланып, бірінші қабаттың темір-бетон қабаты тұрғызылды.
– Жайлы мектептерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен, кірме жолдармен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Бүгінде тиісті келісім-шарттар жасалды, мектепке сыртқы инженерлік желілерді қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, - деді «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ жобалау-сметалық бөлімінің басшысы Гүлмира Сәтбаева.
Қазір нысандағы кірме жолдар құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Екі ауысыммен 100-ге жуық адам құрылыс жұмысын жалғастыратын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -