СТУДЕНТТІК ОМБУДСМЕНДЕР ЖАТАҚХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ
СТУДЕНТТІК ОМБУДСМЕНДЕР ЖАТАҚХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ
Жоғары оқу орындарында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Өңірлік студенттік омбудсмендер жоғары оқу орындарының жатақханаларына мониторинг жұмыстарын бастады.
Республикалық студенттік омбудсмен Ұлан Наукен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті №8 студенттік жатаханасының жағдайын көріп, дайындық жұмыстарымен танысты және сантехникалық және электр жабдықтарының қауіпсіздігін тексерді.
Естеріңізе сала кетейік, студенттік омбудсмен - студенттердің құқықтары мен мүдделерін әрқашан қорғайтын институт. Студенттік омбудсмен институты 2022 жылы құрылып, 2023 жылдың тамыз айынан барлық өңірде жұмыс атқаруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -