Судья лауазымына біліктілік емтиханының нәтижелері туралы ақпарат
2024 жылғы 7 және 9 тамызда Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының отырысында судья лауазымына біліктілік емтиханының нәтижелері шығарылды.
Эссе жазу, кейстегі тапсырмаларды орындау, психологиялық тестілеу және Біліктілік комиссиясының мүшелерімен әңгімелесудің нәтижелері бойынша 8 кандидаттар санынан біліктілік емтиханынан 5 адам сәтті өтті (сот жүйесінің қызметкерлері – 2, мемлекеттік сот орындаушысы – 1, прокурор – 1, жеке мекеменің заңгері – 1).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -