⚡️ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет теміржол жолаушылар тасымалын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен көлік министрлігінде теміржол жолаушылар тасымалының проблемалық мәселелері бойынша мәжілісі өтті.
Іс-шараға Агенттіктің, Көлік министрлігінің, Теміржол және су көлігі, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеттерінің, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ және «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша ТЖ көлігімен тасымалдаушылар қауымдастығының» өкілдері қатысты.
Жолаушылар тасымалын субсидиялау жүйесінде елеулі бұзушылықтар талқыланды.
Мемлекеттік қолдау есебінен айтарлықтай табыстарға қарамастан, көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етпейтін жекелеген жеке тасымалдаушылардың мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл жолаушылар вагондарының санитарлық және техникалық жағдайына қатысты шағымдарына әкеледі.
Сонымен қатар, билет тапшылығы және азаматтарға қолайсыздық тудыратын пойыздардың тұрақты кешігуі мәселелері атап өтілді.
Мәжіліс қорытындысы бойынша Агенттік субсидияларды есептеу әдістемесін қайта қарауды, субсидиялау жүйесін цифрландыру, тиімді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету (поездарды тексеруді аудио-бейнетіркеу, қызметтер сапасы мен айыппұл санкциялары жүйесін бағалау өлшемшарттарын белгілеу), тасымалдаушы компанияларда аудит жүргізу, сондай-ақ жаңа вагондардың үлесін ұлғайту мәселелерін пысықтауды ұсынды.
Теміржол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мониторингі жалғасуда және Агенттіктің ерекше бақылауында.
_ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -