Түрікменстан делегациясымен кездесу туралы
Бас прокуратурада Түрікменстанның Қаржы және экономика министрлігі жанындағы Қаржы мониторингі қызметі төрағасының орынбасары бастаған Түрікменстан делегациясымен жұмыс кездесуі өтті.
Халықаралық құқықтық ынтымақтастық қызметінің басшысы Айбек Нұрахметов қонақтарға қазақстандық прокуратураның мемлекеттік органдар жүйесіндегі рөлі мен орны туралы хабардар етіп, өңірлік қауіп-қатерлерге қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Екі елдің құқық қорғау органдарының есірткі, қару-жарақ және трансұлттық қылмыспен күрес саласындағы күш-жігерін біріктіру қажеттігі атап өтілді.
Практикалық тәжірибе алмасу үшін қонақтарға Активтерді қайтару жөніндегі комитет қызметінің мақсаттары, міндеттері және негізгі бағыттары көрсетіліп, атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері таныстырылды.
Сондай-ақ, сапар барысында сыбайлас жемқорлыққа, заңсыз кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша прокуратура органдарының жұмысы талқыланды.
Түрікменстан делегациясы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға қызығушылық танытып, өткізілген шара және қызығушылық тудырған мәселелер бойынша берілген ақпарат үшін алғыс білдірді.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -