Тұрғын үйге кезекке қою бойынша 200 жетім баланың құқықтары қорғалды
Елорда прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғанын анықтады. Уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан. Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -