Тұран даңғылының учаскесі жөндеуге жабылады
"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Тұран даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскедегі әуежай бағытынан қала бағытына қарай жұмыстар ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылғанын хабарлайды. Ағымдағы жылдың 24 мамырынан бастап аталған жол учаскесі ашылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 28-30 мамыр аралығында Тұран даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде және Ұлы Дала даңғылынан Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу үшін Тұран даңғылын жабу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Бұл ретте Тұран/Ұлы Дала қиылысы ашық болады.
Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -