ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Алтаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры Т.Жақиянов, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының шеф-редакторы Нұрбек Бекбау, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті аға оқытушысы А.Әкімханов, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ университетінің «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы М.Бесбаев, «SAPSAN» стратегиялық орталығының» директоры және РАТТ мүшесі, сарапшы-теолог Ж.Сүлейменовтің қатысуымен қала, аудан әкімдері, идеология саласына жауапты орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, дін саласындағы жауапты мамандары, оңалту жұмыстарымен айналысатын теолог-дінтанушы мамандар мен ҚМДБ дін қызметкерлері, зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің мұғалімдері және БАҚ өкілдерінің арасында «Дін саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдары» атты облыстық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – қазіргі қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы негізгі тектіктер, дін саласында кездесетін негізгі проблемалармен міндеттерді терең және жан-жақты қарастыру. Семинар мемлекеттік органдар, діни бірлестіктер мен сарапшылар қауымдастығы арасында озық тәжірибе алмасуға, конфессияаралық татулық пен келісімді нығайтуға, діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ діни экстремизм мен радикалдануға тиімді қарсы тұрудың стратегияларын әзірлеуге бағытталған.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, спикерлерден тиісті жауаптар алынды.
Жалпы кездесулерге 100-ден астам азамат қатысты.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚО бөлімінің
ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -