Тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Айдос Серікқанұлы Майлыбаев Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.
А.С. Майлыбаев еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
Әр жылдары Алматы облысы Жамбыл және Панфилов аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 4 жылдан астам Ақмола облысының прокуроры болды.
А.С. Майлыбаев заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және 2-дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.
Прокуратураның құрметті қызметкері.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -