Талдықорған қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі жаңа ғимаратқа көшті
«Азаматтарға арналған үкімет» Жетісу облысы бойынша филиалы 18 желтоқсанаң бастап Талдықорған қаласының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі қала тұрғындарын Шығыс шағын ауданы, Қарағайлы, 28 мекенжайы бойынша қабылдайтынын хабарлайды. Айта кетейік, аталған орталық бұған дейін Рүстембекова көшесі, 35 мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдаған болатын. "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы Жетісу облысы бойынша филиалы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Естеріңізге сала кетейік, Жетісу облысы бойынша филиалында қазіргі уақытта 10 әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі бар. Жыл басынан бері филиал бойынша 70 мынан астам қызмет көрсетілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -