Таяу Шығыс, Түркия, Орталық Азия, Ауғанстан және Пәкістан бойынша IFC Вице-президентімен кездесу
Ағымдағы жылдың 26 маусымында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың төрағалығымен Дүниежүзілік банк тобының халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен кездесу өткізілді.
Сонымен, кездесу барысында үш негізгі тақырып қозғалды. Атап айтқанда, бұл метан шығарындыларын азайту, тұрғын үйді жылыту және салқындату үшін геотермалдық энергияны пайдалану және қалдықтарды басқару мәселелері.
Өз тарапынан метан шығарындыларын азайту саласында IFC Қазмұнайгазбен ынтымақтастықта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
IFC метан шығарындыларын азайту саласында үш бағыт бойынша жәрдем көрсетеді. Бұл:
1. Мұнай-газ секторындағы метан шығарындыларын азайту жөніндегі базалық желіні айқындау;
2. Метан шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды іске асыру тетігін құру;
3. Қаржылық бағалау және деректерді талдау.
Сонымен қатар, геотермалдық энергияны пайдалану бойынша бірыңғай ұстанымды қалыптастыру үшін осы саладағы сарапшылардың жұмыс тобы құрылатын болады.
Қалдықтарды басқару саласында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату тетігін қайта қарау бойынша ынтымақтастықты жолға қою жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -