«Таза Қазақстан»: Астанада экоакция кезінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» этологиялық акция аясында 300-ден астам адам қар полигоны маңайында тазалық жұмысын ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара мердігер ұйымдардың, жергілікті белсенділердің, аудандық әкімдік қызметкерлерінің және Қорғаныс министрлігінің «68665 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі сарбаздарының белсенді қатысуымен өтті.
Сонымен қатар, тазалық жұмысына 15 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды.
Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Астанада апта сайын эко іс-шаралар өтіп жатыр.
Айта кету керек, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәрізі, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -