«Таза Қазақстан»: Астанада оқушылар арасында «Экоәлем» іс-шарасы өтті: Астана қаласы, 17 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Астанада оқушылар арасында «Экоәлем» іс-шарасы өтті

Астана қаласының 91 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Экоәлем» атты отбасылық экостарт ұйымдастырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Экологиялық шараға 250-ден астам оқушы, ата-аналар және мұғалімдер қатысты.

Жиынға арнайы шақырылған спорт және еңбек ардагері, марафоншы Ербол Қожахметов пен жас эколог Диана Мырзағалиева спорт пен экология, қоршаған ортаның тазалығы туралы баяндады.

Алдымен сергіту сәті болып, қатысушылардың барлығы бірге жаттығу жасады. Осыдан кейін спорт түрлері бойынша жарысқа түсіп, экологиялық викторина сұрақтарына жауап берді.«Көңілді старт» экологиялық эстафетасында балалар мен ата-аналар жылдамдығы мен тапқырлығын сынады. Сонымен қатар экология тақырыбында сурет салды, ересектермен бірлесе отырып, қалдықтардан түрлі бұйымдар жасады.

Жарысқа қатысушылардың өнерін «Аналар мектебі», «Әкелер кеңесі», Қамқоршылық кеңесінің төрайымы мен мүшелері бағалады.

«Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздар қауымын әлемнің, айналамыздың әдемілігіне ғана емес, таза болуына да үлес қосуға шақыру. Бәріміздің ортақ үйіміз – Жер-ананы, табиғатты қорғау – біздің міндетіміз», – деді №91 мектеп-гимназиясының директоры Алмагүл Сегізбай.

Отбасылық іс-шара соңында ата-аналар мектеп аумағына гүл көшеттерін екті.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Астана қаласының 91 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Экоәлем» атты отбасылық экостарт ұйымдастырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Экологиялық шараға 250-ден астам оқушы, ата-аналар және мұғалімдер қатысты.

Жиынға арнайы шақырылған спорт және еңбек ардагері, марафоншы Ербол Қожахметов пен жас эколог Диана Мырзағалиева спорт пен экология, қоршаған ортаның тазалығы туралы баяндады.

Алдымен сергіту сәті болып, қатысушылардың барлығы бірге жаттығу жасады. Осыдан кейін спорт түрлері бойынша жарысқа түсіп, экологиялық викторина сұрақтарына жауап берді.«Көңілді старт» экологиялық эстафетасында балалар мен ата-аналар жылдамдығы мен тапқырлығын сынады. Сонымен қатар экология тақырыбында сурет салды, ересектермен бірлесе отырып, қалдықтардан түрлі бұйымдар жасады.

Жарысқа қатысушылардың өнерін «Аналар мектебі», «Әкелер кеңесі», Қамқоршылық кеңесінің төрайымы мен мүшелері бағалады.

«Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздар қауымын әлемнің, айналамыздың әдемілігіне ғана емес, таза болуына да үлес қосуға шақыру. Бәріміздің ортақ үйіміз – Жер-ананы, табиғатты қорғау – біздің міндетіміз», – деді №91 мектеп-гимназиясының директоры Алмагүл Сегізбай.

Отбасылық іс-шара соңында ата-аналар мектеп аумағына гүл көшеттерін екті.

Аймақтағы жаңалықтар