«Таза бейсенбі» акциясын Алтай ауданы жалғастырды
«Таза Qazaqstan» республикалық жалпыұлттық акциясы Алтай ауданында «Таза бейсенбі» жобасымен жалғасты. Акция аясында Николь ауылының маңындағы Бұқтырма су қоймасының жағасы қоқыстан тазартылды.Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, жергілікті мекеме қызметкерлері, еріктілер, студенттер мен мемлекеттік қызметшілерден жасақталған 60-тан астам адам қатысты. Бұл жолғы «Таза бейсенбі» акциясын өткізетін орын да кездейсоқ таңдалмаған.– Бүгінгі күн мен алдағы екі аптада жоспарланған акция бұлақтардың басы мен өзен, көлдердің жағасын қоқыстан тазартуға бағытталған. Осыған орай Бұқтырма су қоймасында тазалық жұмыстарын жүргіздік. Бұқтырманың жағасында демалыс орындары көп. Жағажайларды таза ұстап, ұқыптылықпен қарасақ, демалушылар мен туристердің де саны артуына септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан, облыс тұрғындарын аталған акцияға белсенді қатысуға шақырамын, – деді «AMANAT» партиясы ШҚО филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нуркенов.Өңір тазалығын мақсат еткен акцияға күміс жастағы еріктілер де белсенді қатысты.– Бүгінгі «Таза бейсенбі» акциясына өз үлесімізді қосуға келдік. Қазір мұнда менімен бірге жиырмадай күміс жастағы еркітілер жүр. Бәріміздің мақсат біреу. Ол – туған өлкеміздің тазалығын сақтап, табиғатын аялау. Оның үстіне жағажайды қоқыстан тазарту біздің аудан үшін де тиімді. Себебі, Бұқтырманың жағасына туристер көптеп келеді. Ал таза жер қонақтардың санын арттырмаса кемітпейді, – деді күміс жастағы ерікті Дильбар Самбаева. Айта кетейік, акция аясында Бұқтырма су қоймасының жағалауы 1,2 тоннадан астам қоқыстан тазарды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -