Теміртау инвестиция тартуды жалғастыруда
2024 жылдың 10 айында негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 192,2 % - ға өсіп, 107,5 млрд теңгені құрады. Қала құрушы кәсіпорынды есептемегенде инвестиция 66 % - ға өсіп, 8,15 миллиард теңгеге жетті.⠀ШОБ-ты қолдау аясында екі жаңа жоба іске қосылуда:⠀Мемлекеттің инфрақұрылымдық қолдауымен «КазМетКокс» ЖШС кокс өндіру (2,6 млрд. теңге, 30 жұмыс орны).«ОКС Казахстан» ЖШС тау-кен өнеркәсібіне арналған өнім (1 млрд. теңге, 15 жұмыс орны).⠀Теміртау инвесторларға инфрақұрылымы бар дайын алаңдарды, соның ішінде 42 мың шаршы метр үй-жайларды және индустриялық аймақтағы бос жерлерді ұсынады.Жобалармен қала әкімі Ғалым Әшімов танысты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -