Теміржол вокзалдары мен әуежайда жолаушыларға қолайлы жағдай жасалуы тиіс: Ақтөбе облысы, 03 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Теміржол вокзалдары мен әуежайда жолаушыларға қолайлы жағдай жасалуы тиіс

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен өткен жиында теміржол вокзалдары және әуежайдағы қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселесі талқыланды.

Аймақ басшысы көлік терминалдарының басшыларымен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, инфрақұрылым жұмысын оңтайландыру және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға қатысты ұсыныстарды талқылады. Вокзал мен әуежай жұмысына заманауи технологияларды енгізу және қызмет көрсетуді жақсартуға назар аударылды.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті. Стратегиялық басымдықтардың бірі – көлік-логистика саласын дамыту. Заманауи әуежайлар мен вокзалдар – бұл тек көлік торабы ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды қызмет түрлерін ұсынатын нағыз сервис орталықтары. Әуежайлар мен вокзалдардағы қызметтерді кеңейту – бұл заманауи жағдайларға сәйкес үнемі жетілдіруді қажет ететін үздіксіз процесс. Қызмет көрсету сапасын дамытуға салынған инвестициялар жолаушылар санының артуы және клиенттердің адалдығын арттыра отырып, көлік торабының беделін нығайтумен өзін ақтайды», – деп атап өтті әкім.

«ҚТЖ-Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» АҚ филиалы директорының орынбасары Болат Аюпов теміржол вокзалындағы қызмет көрсету қалай жүзеге асып жатқанына тоқталды. Вокзал тәулігіне 12 пойызды қабылдайды, бұл жолаушылар ағынының көптігін көрсетеді.

Негізінен, вокзал кешені 900 жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы. Алайда тәулігіне төрт мыңнан астам адам келіп-кетеді екен. Оларға нысан ыңғайлы болуы үшін кассалар мен анықтама қызметі жұмыс істейді, жүк сақтау камералары, транзиттік жолаушыларға арналған демалыс бөлмесі, ана мен бала бөлмесі, асхана, медициналық пункт бар. Адамдардың қауіпсіздігі үшін 91 бейнебақылау камерасы, өрт дабылы жүйесі орнатылған. Қала және перрон жағынан, вокзал ғимаратының ішінде мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың қозғалысына пандустар қойылған. Сондай-ақ, оларға арналған бөлек касса жұмыс істейді.

«2025 жылы вокзал ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Шатыр, инженерлік желілерді, терезелер мен есіктерді ауыстырудан бөлек, ішкі әрлеу жұмыстары, қала және перронға кіреберісті жабдықтау, жарықдиодты ақпараттық тақта орнату және басқа да жұмыстар жүргізіледі», – деді Болат Аюпов.

«Ахуалдық орталыққа, әлеуметтік желілерде де тұрғындар тарапынан теміржол вокзалына қатысты шағым көп. Келер жылы автотұрақты, теміржол вокзалынан Станционная көшесіне дейін жолаушылар өтпелін заманға сай өзгерту керек. Автотұрақты ақылы ету мәселесін көтерудің қажеттілігі жоқ. Ең алдымен, тұрғындарға жайлы жағдай жасалуы тиіс», - деп атап өтті өңір басшысы.

Өз кезегінде Әлия Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежайдың басқарушы директоры Айгүл Милиханова әуежайдың жолаушыларына көрсететін қызметтері туралы баяндады. Бүгінгі таңда Ақтөбе әуежайынан 11 бағытта рейстер орындалады, оның ішінде алтауы – ішкі (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Түркістан және Шымкент) және бесеуі – халықаралық бағыт (Стамбұл, Шарм-эш-Шейх, Анталия (маусымдық), Доха (маусымдық), Пхукет (маусымдық). Жыл басынан бері әуежай 900 мыңнан астам адамға қызмет көрсетті, көрсеткіш 1 миллионнан асады деген жоспар бар.

Жолаушылар терминалы аумағында дәмханалар, дүкендер, соның ішінде Duty Free, айырбастау пункті, авиакассалар, сусындар мен жеңіл тағамдар сататын сауда автоматтары орналасқан. Сондай-ақ, ана мен бала бөлмесі, банкоматтар мен терминалдар, багажды орау пункттері бар. Жолаушылар, қарсы алушылар мен шығарып салушылардың жайлылығы үшін бөлек кіреберіс, тіркеу орны және паспорттық бақылау кабинасы қарастырылған CIP – зал жұмыс істейді.

«Әуежай барлық дерлік әуе кемелерін қабылдай алады. Және толық қызмет көрсету спектрін,  жанармайға тиімді тарифтерді ұсынады. Жыл сайын арнайы техника мен жабдық паркін жаңарту жұмыстары жүргізіледі», – деді Айгүл Милиханова.

Жиналысты қорытындылай келе, өңір басшысы әуежай мен вокзалдағы қызмет көрсету сапасын жақсартуға баса назар аударуды тапсырды, жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне басымдық берілуі керектігін баса айтты және жауапты мамандарға осы мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты шаралар әзірлеуге шақырды.

Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар