Термезде қазақстандық павильон ашылды: Астана қаласы, 17 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Термезде қазақстандық павильон ашылды

Термезде қазақстандық павильон ашылды

Термезде қазақстандық павильон ашылды

Термезде қазақстандық павильон ашылды
Термезде қазақстандық павильон ашылды
Термезде қазақстандық павильон ашылды
Термезде қазақстандық павильон ашылды
Термезде қазақстандық павильон ашылды
Термезде қазақстандық павильон ашылды
Термезде қазақстандық павильон ашылды
Термезде қазақстандық павильон ашылды

2025 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратовтың екіжақты кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар жалпы сомасы 7 миллиард долларды құрайтын Жол картасы жобаларын іске асыру, «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының нормативтік-құқықтық базасын дамыту және UZKAZTRADE бірлескен кәсіпорнының қызметін кеңейту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету және екі елдің бизнесін қолдаудың жаңа құралдарын құру мәселелері сөз болды.

Министрлер 2030 жылға дейін өзара сауданы 10 миллиард долларға дейін арттыру бағдарламасына қол қойып, 2025 жылға арналған Қазақстан мен Өзбекстан өңірлерінің өзара сапарлар кестесін бекітті. Бұл өңіраралық ынтымақтастықты жандандырып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Осы серіктестіктің нәтижесінің бірі – Термез халықаралық сауда орталығы аумағында Қазақстан павильонының ашылуы болды.

«Бүгінгі шара – Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың нығаюының жарқын көрінісі. Екі елді тек көршілестік қана емес, әртүрлі салалардағы қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастық біріктіреді», – деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Салтанатты шараға Өзбекстан Инвестициялар және өнеркәсіп министрінің орынбасары Хуррам Тешабаев, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов, Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы уақытша сенімді өкілі Газиз Ақбасов, Ауғанстан кәсіпкерлер палатасының аға заңгерлік және халықаралық кеңесшісі Хаджи Каландар Рахими және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Павильон – «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ құрған қазақстандық шикізаттық емес экспортты ілгерілетудің шетелдік инфрақұрылымының бір бөлігі. Ол қазақстандық тауарларды таныстыру, өткізу нарықтарын кеңейту, жаңа сауда келісімдерін жасау және бизнес қауымдастықтары арасындағы байланысты нығайту үшін негізгі алаңға айналады.

Қазіргі уақытта павильонда қазақстандық өндірушілердің азық-түлік өнімдері мен халық тұтынатын тауарлары ұсынылған. Ал екі елдің өңір басшыларының сапарлары басталғаннан кейін өзбекстандық тұтынушыларға ұсынылатын қазақстандық өнімдердің ассортименті кеңейеді.

Термездегі павильон – Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған стратегиялық қадам.

Қазақстан Үкіметі экспортты қолдау, логистиканы жеңілдету және сауданы цифрландыру арқылы кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау жұмысын белсенді түрде жалғастыруда.

Анықтама:

2024 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты сауда айналымы 4,1 миллиард долларды құрады. Қазақстан – Өзбекстанның сыртқы сауда серіктестері арасында үшінші орында. 2025 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Өзбекстанда қазақстандық капиталы бар 1041 кәсіпорын тіркелген.

Ақпарат көзі: Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар