Демалыс күндері 200-ден астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 60 бала
Өткен демалыс күндері 2025 жылғы 15-16 наурызда ауа-райының нашарлауына байланысты ТЖМ 222 адамды құтқарып, эвакуациялады, олардың ішінде 60 адам. Сондай-ақ 287 автомашинаны қар құрсауынан және балшықтан шығарды. Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге 140 шығу жасалды.
Ауа-райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізілді.
Құтқару жұмыстарын ерекше атап өткен жөн:
Ақтөбе облысында құтқарушылар 6 адамды балшықтан шығарды және жүргізушіге көмекке келді
15 наурыщда Құтикөл ауылына жақын маңда 17 ірі қара мал тиелген жүк көлігі балшыққа батып қалды. ТЖМ күштері көлікті жолдың тазартылған учаскесіне шығарып, жүргізуші өз жолын жалғастырды. Медициналық көмекке ол мұқтаж болған жоқ.
16 наурызда Ырғыз ауданында қар ерігеннен топырақ шайылып, нәтижесінде Ырғыз ауылынан 10 км қашықтықта кіші габаритті жүк көлігі балшыққа кептеліп тұрып қалды. Құтқарушылардың күшімен автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйретіліп шығарылып, елді мекенге дейін сүйемелденді. Құтқарылған 6 адам, оның ішінде 2 бала медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Қостанай облысында құтқарушылар батпаққа тұрып қалған автокөліктерді сүйреп шығарды
15 наурызда Жангелдин ауданы Торғай ауылынан 60 шақырым жерде «Шұбалан-Қарасу» автожолында құтқарушылар балшық массасына кептелген жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушыларына көмек көрсетті. Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне келіп түсті, тез арада оқиға орнына өтімділігі жоғары техникамен құтқарушылар жіберілді. Арнайы техника мен сүйреу жабдығының көмегімен құтқарушылар көлік құралын жолдың тазартылған учаскесіне шығарды. Көлік ішінде үш адам болды, оларға медициналық көмек қажет болмады.
17 наурызда Б.Майлин Әйет ауылына баратын дала жолында жеңіл автокөлігі балшыққа кептеліп тұрып қалды. ТЖМ құтқарушыларының күшімен автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйретіліп шығарылды. Құтқарылған 2 жолаушы зардап шекпей, жолдарын өздігінен жалғастырды.
Абай облысында қар құрсауынан 123 адам құтқарылып, эвакуацияланды
15 наурызда күндіз ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха – РФ» шекарасы тас жолында 203 көлік қар құрсауында тұрып қалды. ТЖМ күштері, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің және ҚМ әскери қызметшілері қар құрсауынан 96 адамды оның ішінде 42 баланы Аягөз қаласының уақытша орналастыру пунктіне эвакуациялады, сондай-ақ шамамен 203 автокөлік қар құрсауынан шығарды.
15 республикалық маңызы бар «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха- РФ шкарасы» жолының жабық учаскесінде Аягөз қаласы мен Таскескен ауылы арасында автокөліктердің шоғырлануы орын алды. ТЖМ, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ және ЖАО күштерімен қар құрсауынан 43 жүк және 30 жеңіл көліктері шығарылды. Сонымен қатар, құтқарушылар қар құрсауында қалған автокөліктерден 27 адамды, оның ішінде 7 баланы жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады.
15 наурызда түнде Абай облысы «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» автожолының учаскесінің жабылуына байланысты құтқарушылар автобус жолаушыларына көмекке келді. Құтқарушылар Аягөз қ. уақытша орналастыру пунктіне салонында 77 адам, оның ішінде 7 бала болған 3 жолаушылар автобусын жеткізді.
Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар алты адамды қар құрсауынан құтқарды
15 наурызда күндіз 112 пультіне Күршім ауданының Құйған ауылынан 5 шақырым жерде жолаушылары бар 3 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалғаны және өз жолын жалғастыра алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген құтқарушылар 6 адамы бар үш автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.
Сонымен қатар Түркістан және Ұлытау облыстарында тұрғындарды құтқару мен техниканы қар құрсауынан шығару бойынша құтқару операциялары жүргізілді.
ТЖД күшімен өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі қарлы учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізілді. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.
Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -