Әскер спортшысы Сербияда өткен бокстан әлем чемпионатында алтын олжалады
Сербияның Нише қаласында әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Сайыстың нәтижесінде Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының қызметшісі Алуа Балқыбекова 50 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды.
Шешуші жекпе-жекте ол Қытай құрамасының қызы Ху Мэйді 5-0 есебімен ұтты.
Бұған дейін Алуа Солтүстік Кореялық Ан Кум, кениялық Вероника Нзива, морокколық Ясмин Мутаки мен түркиялық Айсен Ташкинді жеңген болатын. Айта кету керек, Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс
және қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы атанған. Бұл Алуаның әлем чемпионатындағы алғашқы алтыны.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -