ТЖМ қызметкері халықаралық көрме мен семинарға қатысты
20-23 қараша аралығында Пәкістан Республикасының Карачи қаласында IDEAS-2024 12-ші халықаралық қорғаныс көрмесі мен семинары өтті.
Қазақстандық делегация құрамында іс-шараға Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Әскери бөлімдер басқармасының аға офицері майор Нұрлан Тутешев қатысты.
Көрмеде 55 елден келген өндірушілер мен жеткізушілердің 550-ден астам қару-жарақ, әскери техника және қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің экспонаты ұсынылды. Олардың ішінде жеке бронды қорғау құралдары, киім-кешек, өрт және құтқару техникасы мен жабдықтары, автомобильдер мен бронды техниканы жүргізу симуляторлары, броньды танк техникасы,
атыс саңылауы және броньды қорғанысы бар жеке құрамға арналған бөлікті брондалған автомобильдер, атыс саңылауы бар 2-3 адамға арналған мобильді броньды модульдер, басқарылатын жауынгерлік модуль, өртті басқарудың автоматтандырылған жүйесі, цифрлық автоматтандырылған миномет жүйесі, оптикалық аспаптар.
Көрме ТЖМ қажеттіліктері үшін өзекті Пәкістан өнімдерінің әлеуетін зерттеу үшін маңызды алаңға айналды. Қызметті одан әрі дамыту және жаңғырту үшін пайдалы болуы мүмкін құтқару техникасына, жабдықтарға және киім-кешектерге ерекше назар аударылды.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөдімдер комитеті
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -