В Алматинской области в честь Дня Республики пройдет более 170 мероприятий
Бұл күннің мемлекетіміз бен барша қазақстандықтар үшін маңызы өте зор. Басқарма бекітілген нұсқаулық бойынша тиісті жұмыстарды атқаруда.
Мәдениет басқармасына қарасты барлық мекемелерде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көшелерді тазалау, мерекелік банерлер ілу, Мемлекеттік гимнді орындау, еңбегімен танылған азаматтарды марапаттау, патриоттық бағытта челендждер ұйымдастыру, белгілі тұлғалардың мерекелік құттықтаулары ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде
Басқармаға қарасты барлық мәдениет нысандарында тақырыптық шаралар мен мерекелік жиын, көрмелер, әдеби танымдық сағаттар, концерттер, мәдени халықтық серуен, спорттық жарыстар ұйымдастыру басталып кетті. Барлығы 177 шара атқарылатын болады. Туған елдің мәртебесін көрсететін әндер мен өлең шумақтарынан челендждер таратылуда.
Облыс аумағында салынып жатқан жаңа нысандар қолданысқа беріліп, ашылу салтанаттары өтеді.
25-қазан күні Еңбекшіқазақ ауданында Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, Зиялы қауым, жастардың қатысуымен Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі атқарылып, Мемлекеттік гимн орындалатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -