Вейп пен насыбайдың таралуына қарсы күрес: Астанадағы ондаған бизнес нысаны жазаланды
Астананың бес ауданында наурыз айынан бастап вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша тұрақты рейдтер жүргізілуде. Осы уақыт ішінде елорда бойынша мыңдаған сауда нүктелері тексеріліп, шегілмейтін темекі өнімдерін, оның ішінде насыбай өндіретін жерасты цехтарын ұйымдастырудың жүздеген фактісі анықталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жедел профилактикалық іс-шараларды аудандық әкімдіктердің қызметкерлері Астана қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізеді.
Осылайша, Нұра ауданы бойынша рейдтер барысында Асфендияров, Әнет баба, Сығанақ, Р.Бағланов, Нәрікбаев, Қайым Мұхамедаханов, Отырар, Е-15, Бұқар Жырау көшелерінде, Ұлы дала, Тұран даңғылдарында және Үркер тұрғын алабының Исатай батыр көшесіндегі, бас-аяғы 227 дүкен тексеріліп, насыбай мен снюстың зияны туралы түсіндірме жүргізілді.
Нәтижесінде 10 дүкен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Байқоңыр ауданы бойынша Ж.Омаров, А.Иманов, Кенесары, А.Янушкеевич, Ш.Уәлиханов, А.Сембинов, Отырар, М.Лермонтов, Сырдария, С.Сейфуллин, А.Жангелдин, Тараз, Ж.Досмұхамедұлы, Жетіген, Ақжол, Алаш тас жолы бойындағы, жалпы саны 245 кәсіпкерлік нысан тексерілді.
Рейд нәтижесінде 9 сату орны әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ 5 жерде заңсыз сақталған шамамен 4 тонна насыбай анықталды және тәркіленді.
Есіл ауданы бойынша іс-шаралар барысында 212 шағын және орта бизнес объектілерінің иелерімен шегілмейтін темекі өнімдерін сатуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Рейд нәтижесінде 25 сауда орнына 25 АЕК айыппұл салды.
Алматы ауданы бойынша 200-ден астам нысан зерттелді. Рейдтер кезінде 64 бұзушылық анықталды:
- Шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 42 фактісі (насыбай). Барлық фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып хаттамалар жасалды;- Мекемелерде темекі өнімдерін (кальян) тұтынудың 21 фактісі, ҚР ӘҚБтК 441-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды;- Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатудың 1 фактісі анықталып, ҚР ӘҚБтК 423-1 бабы бойынша 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Тәркіленген темекі өнімдері жойылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша Сарыарқа ауданында рейд басталғаннан бері 400-ден астам жеке кәсіпкерлік нысаны қамтылды. 70-тен астам бұзушылық анықталып, жалпы айыппұл сомасы 4 млн теңгеден асатын 35 келіге жуық насыбай тәркіленді.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 14 тонна насыбай тәркіленді, оның құны 70 млн теңгеден асады.
Тәркіленген барлық өнім жойылды. Сондай-ақ, рейдтер барысында шегілмейтін темекі өнімдерін сатуға жол бермеу туралы шағын және орта бизнес иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -