Вице-министр толық циклді ет кәсіпорнында болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин «KazBeef» ЖШС кәсіпорын қызметімен танысты. Кәсіпорын «алаңнан сөреге дейін» толық өндірістік циклды жүзеге асырады: асыл тұқымды мал өсіруден бастап етті өңдеуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.
Аманғали Бердалин жоғары өнімді ангус тұқымды асыл тұқымды мал өсіруге маманданған мал репродукторын аралап, жануарларды өсіру процесімен, азықтандыру рационымен және мал ұстау шарттарымен танысты.
Репродукторда 1 200-ден астам ірі қара мал (ІҚМ) бар.
15 000 басқа арналған толық цифрландырылған бордақылау алаңы жұмыс істейді, онда 11 000 ІҚМ ұсталады.
Вице-министр компания басшылығымен ветеринариялық қауіпсіздік, дайын өнімнің өзіндік құнын төмендету және жануарлардың денсаулығын жақсарту мәселелерін талқылады.
2020 жылдан бастап «KazBeef» ЖШС-ға Feedlot Health Management Service (FHMS) компаниясы малды азықтандыру және олардың жағдайын бақылау мәселелері бойынша кеңес беріп келеді. Мал орта есеппен 250-300 күн бордақыланады. Америкалық диетологтар әзірлеген рацион үш кезеңнен тұрады: 6 айға дейін сүтпен қоректендіру, 10-12 айға дейін жайылымда жаю, 550 кг салмаққа жеткенше теңгерімді астықпен бордақылау.
Келесі нысан – «KazBeef Processing» ет өңдеу кешені болды. Бұл кәсіпорын 2018 жылдан бастап салқындатылған және мұздатылған өнімдер, соның ішінде жартылай фабрикаттар, қосымша өнімдер, тартылған ет және бургерге арналған котлеттер шығарады. Кешеннің өндірістік қуаты тәулігіне 150 ІҚМ-ды құрайды. Өнімдер Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіледі, сондай-ақ Парсы шығанағы елдеріне және Орталық Азияға, оның ішінде БАӘ мен Өзбекстанға экспортталады.
Компания басшылығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту және экспорт нарықтарын кеңейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында өндіріс көлемін ұлғайту жоспарлары талқыланды. Вице-министр өндірістің барлық кезеңдерінде, соның ішінде мал сою мен өңдеуде жоғары ветеринариялық қауіпсіздік стандарттарын сақтау қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -