Құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік жөніндегі жұмыс туралы
Қала прокуратурасы полиция органдары және жергілікті атқарушы органдармен бірге вандализмге қарсы күресті үйлестіру жұмыстарын жалғастыруда.
Ағымдағы жылдың 23 маусымында мас күйінде жолаушылар лифтін бұзған астаналық тұрғын 5 тәулікке қамауға алынды.
Басқа жағдайда 38 жастағы қала тұрғыны 21 маусым күні мас күйінде аула жарығын сындырған. Оған 74 мың теңге айыппұл салынды.
Осындай оқиға 19 маусымда сағат 23.30 шамасында Молдағулова көшесінде болған, қаланың 47 жастағы тұрғыны бөтен көліктің фарасына қасақана зақым келтірген. Оған 20 АЕК айыппұл салынды.
Прокуратура қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.
Астана қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -