Қылмыстық процеске қатысушылардың шағымдарын қарау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы: Астана қаласы, 13 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қылмыстық процеске қатысушылардың шағымдарын қарау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы

Азаматтардың құқықтарын тұрақты негізде қамтамасыз ету мақсатында Бас прокуратураның басшылығымен жеке қабылдау жүргізілуде. Қабылдау кезінде әрбір өтініш беруші мұқият тыңдалып,  оған шешімдердің мәні, сондай-ақ шешудің ықтимал құқықтық жолдары түсіндіріледі.

Қадағалау органының қызметкерлері арызданушылардың уәждерін міндетті түрде қылмыстық істерді зерделеп, тексереді. Қажет болған жағдайда уәкілетті органдардан қосымша ақпарат сұралады. Негіздер болған жағдайда кассациялық наразылықтар енгізіледі.

Мысалы, сотталғанның қорғаушысы оның синтетикалық есірткі сатқанымен келіспей, арызданған. Ол өтінішхатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері тарапынан арандатушылық әрекеті орын алғаны туралы уәждер көрсеткен.

Істі зерделей келе, полиция қызметкері бастапқыда сотталғанды синтетикалық есірткіні бірге қолдануға көндіргені, оның сеніміне кіріп, қызметкер синтетикалық заттарды сатып алуға ақша бергені анықталды, кейін ол әріптесімен бірге жедел-іздестіру және жасырын тергеу әрекеттерін (бұдан әрі –ЖТӘ) жүргізіп, сотталғанды психотроп затты сату барысында  ұстаған.

Қолжазба сараптамасына сәйкес  ЖТӘ туралы бұйрықта тергеушінің қолы жалған екені анықталды.

Заң нормалары анық бұзылуына байланысты Бас Прокурор Жоғарғы Сотқа наразылық енгізді. Қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған сот полицейлердің әрекетін арандатушылық деп танып, сотталғанды ақтап, сот актілерінің күшін жойды.

Қазір таңда Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қызметпен полиция қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы бір мысал, Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы үшін сотталғанның мүддесіне адвокат үкімнің азаматтық талап шешілген бөлігімен келіспейтінін көрсетіп, Бас прокуратураға жүгінген (Қостанай облысы).

Іс материалдарымен сотталған жүргізуші болып жұмыс істеп, ЖШС-не тиесілі автобусты басқарғаны анықталды.

Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларына сәйкес, жоғары қауіп көзінен келтірілген зиян үшін жауапкершілікті автокөліктің иесі көтереді.

Осыған байланысты моральдық зиян ЖШС-нен өндіру қажет.

Қадағалау органының басшысы осы негіздер бойынша наразылық енгізіп, оны Жоғарғы Соттың кассациялық сатысы қанағаттандырды. Сот актілерінің жәбірленушінің азаматтық талабын шешу бөлігі жаңадан сот қарауына жолданды.

Талап арызды жаңадан қарау кезінде ЖШС-нен жәбірленушінің пайдасына моральдық залал өндіріліп, ол толық көлемде өтелді (2,3 млн.).

Сонымен қатар, арызданушылар істің мән-жайын бұрмалап, тергеу немесе сот барысында заң бұзушылықтар жіберілгені туралы негізсіз дәлелдерді көрсететін фактілер бар.

Мысалы, бопсалау үшін сотталғанның қорғаушысы жасырын тергеу әрекеттері соттың санкциясынсыз жүргізілгенін көрсетті. Іс материалдарына сәйкес Астана қаласында сотталған күтпеген жерден жәбірленушіні кездесуге шақырғаны анықталды.

ҚПК-нің нормаларынамен кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда соттың рұқсатынсыз, бірақ оны хабардар етіп, ЖТӘ жүргізуге, кейін санкция алуға жол беріледі.

Осыған байланысты орган тергеу сотына хабарлай отырып, ЖТӘ жүргізді. Келесі күні барлық материалдар сотқа жолданып, ол өз шешімімен оларды заңды деп таныды.

Тағы бір шағымда арызданушы үйді тексеру кезінде заң бұзушылықтарға жол берілгенін көрсеткен. Алайда бұл уәждер тергеу әрекеттері түсірілген бейнежазбалары арқылы жоққа шығарылды.

Тексеру оның жұбайының келісімімен және куәлардың  қатысуымен жүргізілген. Тергеу әрекетінің барлық барысы бейнекамераға түсірілген. Тәркіленген заттарды тергеуші буып-түйіп, мөрлеп, қол қою арқылы куәландырған.

Ағымдағы кезеңде Бас прокуратураға 8 мыңға жуық (7936) өтініш түсті, оның жартысынан көбі (4083) сот актілерімен келіспеу туралы шағымдар. Қарау қорытындысы бойынша 85 адамның мүддесіне наразылық енгізілді. 27 сотталғандардың жағдайы жақсарып, 5 адам ақталды, 14 тұлғаға қатысты  сот актілері жойылып, жаңа сот талқылауына жіберілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар