Қырғызстанда Түркі мемлекеттер ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының кезекті отырысы өтті: Астана қаласы, 25 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қырғызстанда Түркі мемлекеттер ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының кезекті отырысы өтті

Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Түркі мемлекеттер ұйымының Бас прокурорлар кеңесінің 3-ші отырысына қатысты.

Аталған шарада елдің жоғары қадағалау органының басшысы Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстаннан келген әріптестерімен кездесті.

Отырыс барысында қазіргі жаһандық сын-қатерлер мен қауіптерге тиімді ден қою үшін ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ терроризмге, экстремизмге, сепаратизмге, есірткі трафигіне, трансұлттық қылмысқа, адам саудасы және заңсыз миграцияға қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жалпы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар қабылдауды, сондай-ақ өзара сенімді нығайту, бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдау мақсатында ТМҰ мүше мемлекеттерінің Бас прокурорлары хатшылығының әлеуетін ескере отырып, оның қызметін жандандыруды ұсынды.

Сонымен қатар, аталған халықаралық ұйым аясында Түркияның бас прокурорымен екіжақты кездесу өтіп, онда қылмыспен күрес және іздеуде жүргендерді экстрадициялау саласындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша туындаған мәселелер талқыланды, сондай-ақ алдағы уақыттағы өзара іс-қимыл бойынша бірлескен қадамдар айқындалды.

Іс шара соңында, Түркі мемлекеттер ұйымының бас прокурорлары қылмысқа қарсы іс-қимылдың басым міндеттерін қамтитын және прокурорлық қызметтің әр түрлі бағыттары бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыру саласындағы Декларацияға қол қойды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Түркі мемлекеттер ұйымының Бас прокурорлар кеңесінің 3-ші отырысына қатысты.

Аталған шарада елдің жоғары қадағалау органының басшысы Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстаннан келген әріптестерімен кездесті.

Отырыс барысында қазіргі жаһандық сын-қатерлер мен қауіптерге тиімді ден қою үшін ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ терроризмге, экстремизмге, сепаратизмге, есірткі трафигіне, трансұлттық қылмысқа, адам саудасы және заңсыз миграцияға қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жалпы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар қабылдауды, сондай-ақ өзара сенімді нығайту, бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдау мақсатында ТМҰ мүше мемлекеттерінің Бас прокурорлары хатшылығының әлеуетін ескере отырып, оның қызметін жандандыруды ұсынды.

Сонымен қатар, аталған халықаралық ұйым аясында Түркияның бас прокурорымен екіжақты кездесу өтіп, онда қылмыспен күрес және іздеуде жүргендерді экстрадициялау саласындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша туындаған мәселелер талқыланды, сондай-ақ алдағы уақыттағы өзара іс-қимыл бойынша бірлескен қадамдар айқындалды.

Іс шара соңында, Түркі мемлекеттер ұйымының бас прокурорлары қылмысқа қарсы іс-қимылдың басым міндеттерін қамтитын және прокурорлық қызметтің әр түрлі бағыттары бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыру саласындағы Декларацияға қол қойды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар