ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА 80 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ: Ұлытау облысы, 18 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА 80 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Ұлытау облысының Мыңадыр стансасында білім ошағын салу үшін Үкімет қайтарылған активтерден 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлуге шешім қабылдады.   Құрылыс жұмыстарын бастау 2025 жылдың І тоқсанына жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру оқушы орындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді және заманауи білім беру талаптарына сәйкес балаларды оқыту үшін қажетті қолайлы жағдай жасайды.   Қазіргі таңда Жаңаарқа ауданындағы Мыңадыр стансасында жалғыз білім беру мекемесі жұмыс істейді. Ғимарат 1981 жылы салынып, 2000 жылдары қосымша кеңейтілген. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған: жобадағы 60 орынның орнына мұнда 123 оқушы оқып жатыр.   Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға сәйкес Арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан қаржыландырылатын ел өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі: Ұлытау облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Ұлытау облысының Мыңадыр стансасында білім ошағын салу үшін Үкімет қайтарылған активтерден 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлуге шешім қабылдады.   Құрылыс жұмыстарын бастау 2025 жылдың І тоқсанына жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру оқушы орындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді және заманауи білім беру талаптарына сәйкес балаларды оқыту үшін қажетті қолайлы жағдай жасайды.   Қазіргі таңда Жаңаарқа ауданындағы Мыңадыр стансасында жалғыз білім беру мекемесі жұмыс істейді. Ғимарат 1981 жылы салынып, 2000 жылдары қосымша кеңейтілген. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған: жобадағы 60 орынның орнына мұнда 123 оқушы оқып жатыр.   Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға сәйкес Арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан қаржыландырылатын ел өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жүзеге асырылуда.

Аймақтағы жаңалықтар