Жарық ауылына газ берілді
Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында Мұғалжар ауданы Жарық ауылының тұрғындары қуанышқа бөленді.
Елдімекенге көптен күткен көгілдір отын халық игілігіне берілді.
Былтыр ауданға жасаған жұмыс сапарында облыс әкімі Асхат Шахаров көгілдір отын беру мәселесін түбегейлі шешуді тапсырған еді.
Аталған тапсырманы орындау аясында Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, аудан әкімдігі және «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы Мұғалжар газ шаруашылығы жұмыстанып, газ құбырын іске қосты.
Нәтижесінде ауылдағы 104 үй газбен қамтылды.
2022 жылы басталған газ тарту жұмыстарын «A.T.E-ЖОЛ» ЖШС аяқтады. Құбырлардың диаметрі - 110, 160 см.
Бүгінгі күні Мұғалжар ауданының 96.4%-і көгілдір отынға қол жеткізді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -