«Жасай бер, жайна, Астанам»: елордада бұқаралық велошеру өтеді
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 30 маусым күні Астана күніне орайластырылған «Жасай бер, жайна, Астанам!» атты бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықты «Үркер» (Ильинка, «Жасыл белдеу») тұрғын алабының саябағында мәреге жетеді.
Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 07:00-ден 08:00-ға дейін жалғасады. Басталуы 08:00. Тіркелу тегін.
Шара аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Әрбір қатысушы веложарысқа өз велосипедімен жіберіледі. Шлемнің болуы міндеттеледі.
Айта кетсек керек, іс-шара спорттық жарыс болып саналмайды. Мерекелік велошеруге қатысуға елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -