Жастардың денсаулығы – ұлт болашағы
Халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау – мемлекетіміздің денсаулық сақтау саласындағы басты бағыттардың бірі. Осы тұрғыда жасөспірім қыздар мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мәселесі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның үнемі назарында.
Мемлекет тарапынан халықтың денсаулығын сақтау саласына қажетті қаржыландыру, материалдық жабдықтау бойынша үнемі қолдау көрсетілуде. Бұл жайлы бүгін ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орыбасары Ләззат Сүлеймен ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Елімізде ана мен баланың құқығын қорғау, әлеуметтік және денсаулық жағдайын жасау туралы түрлі қорлар, кеңестер мен қоғамдық ұйымдар жұмыс істеуде. Халықаралық ұйымдар тарапынан да үнемі практикалық қолдау көрсетіледі.
«Осыған қарамастан, жасөспірімдер арасында босану мен түсік жасату, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, ана мен бала өлімі фактілері елімізде орын алуда. Сондықтан бұл сала әлеуметтік көмекті қажет ететін ең өзекті мәселеге айналып отыр. Жастардың денсаулығы - ұлттың болашағы, ұлттың сапасының негізі десем артық айтпаспын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне тоқтала кетсек, жыл сайын бүкіл әлемде 15-19 жас аралығындағы 12 млн қыз бала ана атанады екен, оның 775 мыңы - 15 жасқа дейінгі жасөспірім екенін мәлімдеп отыр», – деді спикер.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -