Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті: Астана қаласы, 30 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Бүгін Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті соттардың 9 судьясына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласы мен Қостанай облысы аудандық соттарының 3 судьясына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Алматы облысы аудандық сотының екі судьясы сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу, сондай-ақ судьялық этикаға қайшы келетін теріс қылықтар жасау жаза қолдануға негіз болды.

Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар оларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Сонымен қатар, тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына және оның елеусіздігіне байланысты Алматы, Ақтөбе және Қостанай облыстарының аудандық соттарының 4 судьясына қатысты іс жүргізу тоқтатылды.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Бүгін Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті соттардың 9 судьясына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласы мен Қостанай облысы аудандық соттарының 3 судьясына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Алматы облысы аудандық сотының екі судьясы сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу, сондай-ақ судьялық этикаға қайшы келетін теріс қылықтар жасау жаза қолдануға негіз болды.

Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар оларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Сонымен қатар, тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына және оның елеусіздігіне байланысты Алматы, Ақтөбе және Қостанай облыстарының аудандық соттарының 4 судьясына қатысты іс жүргізу тоқтатылды.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты

Аймақтағы жаңалықтар