10-14 маусым аралығында Қаржылық мониторинг агенттігі AML Академиясымен бірлесіп қаржылық тергеу мен мүлікті іздестіруді ұйымдастыру тақырыбында тренинг өткізді
Тренингке ҚМА тергеу басқармаларының басшылары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері қатысты.
Шарада оннан астам жоғары білікті лекторлар, соның ішінде БҰҰ ҮЕҰ халықаралық сарапшылары дәріс оқыды.
Оқыту барысында халықаралық стандарттар, ФАТФ ұсынымдары, қылмыстық табысты анықтау, криптовалютамен жұмыс істеу дағдылары, сот практикасы және АЖ/ТҚҚ саласындағы басқа да өзекті мәселелер қамтылды.
Агенттік ұлттық жылыстатуға қарсы жүйесін оқыту арқылы еліміздің қаржылық мониторинг жүйесін дамытумен тұрақты түрде айналысады.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -