16 маусым – Әкелер күні
Қазір әлемде жақсы дәстүр қалыптасты - маусымның әр үшінші жексенбісінде Әкелер күні атап өтіледі. Бұл күн - әкелерге махаббаты, шексіз қолдаулары мен бала тәрбиесіне қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс пен ризашылық білдірудің тамаша мүмкіндігі. Әке болу тек биологиялық байланыс емес, ол күнделікті еңбек пен жауапкершілік. Әкенің міндеті – балаларына үлгі, бүкіл отбасына тірек болу. Күнделікті күйбең тіршілікте және өмірдің қас-қағым сәттік ағынында балаларымыз бізге қарап, ата-анасынан үлгі алатынын есте ұстаған жөн. Олар кеңес пен шексіз қолдауды қажет етеді. Әке – ол өмірлік дос, көмекші, ақылшы. Мен барлық әкелерді балаларының өмірінде белсенді болуға, барлық талпыныстарында қолдау көрсетіп, өсуі мен дамуы үшін қауіпсіз әрі керемет ортаны бірге құруға шақырғым келеді. Әрбір бала әке махаббатын, қамқорлығын, ілтипатын сезініп өссін.Әкелер күні құтты болсын! Балаларыңыз сіздермен мақтанып, тек қуанышқа кенелсін, олардың қалыптасуындағы еңбектеріңіз әрқашан еленіп, бағалана берсін.
Құрметпен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілАртур Ластаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -