2 млн. гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды: Астана қаласы, 26 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

2 млн. гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды

2 млн. гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды

2 млн. гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды

2024 жылдың басынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жалпы ауданы 2,8 млн. гектар аумақта 1748-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 2,2 млн. гектар аумақта жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1342 ұйғарым берілді.

Бұрын берілген нұсқамалар негізінде 311,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды. 200,4 мың гектар алқапта пайдаланылмайтын жерлерді алып қою бойынша сот талқылаулары жүргізілуде.

ЖАО қабылдаған шешімдердің заңдылығын мемлекеттік бақылау шеңберінде 368,5 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру туралы 875 заңсыз шешім анықталды, оның ішінде 84 шешім жойылды. Негізгі бұзушылықтар конкурстық рәсімдерді айналып өтуге және жалпыға ортақ пайдаланылатын жайылымдарды заңсыз бөлуге байланысты.

Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша 2 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, бұл 2024 жылғы жоспарды мерзімінен бұрын орындауға мүмкіндік берді.



Ақпарат көзі: Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>2024 жылдың басынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жалпы ауданы 2,8 млн. гектар аумақта 1748-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 2,2 млн. гектар аумақта жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1342 ұйғарым берілді.</p> <p>Бұрын берілген нұсқамалар негізінде 311,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды. 200,4 мың гектар алқапта пайдаланылмайтын жерлерді алып қою бойынша сот талқылаулары жүргізілуде.</p> <p>ЖАО қабылдаған шешімдердің заңдылығын мемлекеттік бақылау шеңберінде 368,5 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру туралы 875 заңсыз шешім анықталды, оның ішінде 84 шешім жойылды. Негізгі бұзушылықтар конкурстық рәсімдерді айналып өтуге және жалпыға ортақ пайдаланылатын жайылымдарды заңсыз бөлуге байланысты.</p> <p>Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша 2 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, бұл 2024 жылғы жоспарды мерзімінен бұрын орындауға мүмкіндік берді.</p>

Аймақтағы жаңалықтар