2023 жылы Омбудсменге сотталғандардан 800-ден астам шағым түсті: Астана қаласы, 06 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

2023 жылы Омбудсменге сотталғандардан 800-ден астам шағым түсті

Жазасын өтеушілердің құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ азаптау мен қатыгез қарым-қатынас жағдайларының алдын алу мақсатында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев колонияларға баруда. Мұнда оларды ұстау шарттарымен жеке танысуға және сотталғандармен сөйлесуге мүмкіндік бар.

Осы мақсатта Уәкіл ҚР ІІМ ҚАЖК Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №39 мекемесіне барды.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына сәйкес, құқықтарды қорғау туралы міндеттеме олардың әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, барлық өтініш берушілерге тең дәрежеде қолданылуы керек.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдерінің жүйелі жұмысы еліміздің жабық мекемелеріндегі сотталғандардың құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу бойынша жұмысты күшейтуге мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.

2023 жылы түзеу мекемелеріне бару қорытындысы бойынша  сотталғандардан келіп түскен шағымдар санының төрт есеге артқаны байқалды. Егер 2022 жылы Уәкіл кеңсесі осындай 204 өтінішті қараған болса, өткен жылы 838 шағым келіп түскен. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша азаптауға қатысты шағымдар 2022 жылмен салыстырғанда 2/3 төмендеді.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Жазасын өтеушілердің құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ азаптау мен қатыгез қарым-қатынас жағдайларының алдын алу мақсатында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев колонияларға баруда. Мұнда оларды ұстау шарттарымен жеке танысуға және сотталғандармен сөйлесуге мүмкіндік бар.

Осы мақсатта Уәкіл ҚР ІІМ ҚАЖК Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №39 мекемесіне барды.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына сәйкес, құқықтарды қорғау туралы міндеттеме олардың әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, барлық өтініш берушілерге тең дәрежеде қолданылуы керек.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдерінің жүйелі жұмысы еліміздің жабық мекемелеріндегі сотталғандардың құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу бойынша жұмысты күшейтуге мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.

2023 жылы түзеу мекемелеріне бару қорытындысы бойынша  сотталғандардан келіп түскен шағымдар санының төрт есеге артқаны байқалды. Егер 2022 жылы Уәкіл кеңсесі осындай 204 өтінішті қараған болса, өткен жылы 838 шағым келіп түскен. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша азаптауға қатысты шағымдар 2022 жылмен салыстырғанда 2/3 төмендеді.

Аймақтағы жаңалықтар