2024 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы «Адам құқықтары: заңнамалық реттеу және құқық қолдану практикасы» тақырыбындағы адам құқықтары жөніндегі VI Еуразиялық форум өткізеді
Форум Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орайластырылған және оны Академия жыл сайын өткізеді.
Іс шараны Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов ашады.
Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, судьялар, ғалымдар және практикамен шұғылданатын заңгерлер, сондай-ақ, халықаралық сарапшылар қатысады.
Форум жұмысы келесі секциялар шеңберінде жүргізіледі:
Адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік-құқықтық қыры; Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін азаматтық-құқықтық қорғау; Адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық-құқықтық қорғау.Форум онлайн-форматта өтеді.
Қосылу үшін сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/85988039193?pwd=yLovTLaVaUqXsnsJaBJiN3VbbUUa5U.1
Конференция идентификаторы: 859 8803 9193.
Кіру коды: 266507.
Сіздерді қатысушылар қатарында көруге қуаныштымыз!
ҚР ЖСК Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -