2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің инфрақұрылымын қалпына келтіруге Үкімет резервінен бөлінген қаражат бойынша ақпарат
Үкімет резервінен өңірлерге жалпы сомасы 48 736,2 млн.теңге қаражат бөлінді оның ішінде:
- су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін Қостанай обласының Арқалық қаласында 31 пәтер алуға 405,0 млн. теңге (2024 жылғы 12 сәуірдегі №273 ҚРҮҚ),
- Қостанай облысының Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында орналасқан «Қостанайюжэлектросервис» КМК электр беру желілерін қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1 391,0 млн. теңге (2024 жылғы 21 маусымдағы №488 ҚРҮҚ),
- «Бәйтерек ауданы 10 кВ Шалғай – Таловая», «Бөрлі ауданы 35 кВ Кеңтүбек (Григорьевка) – Александровка», «Шыңғырлау ауданы 35 кВ Шыңғырлау – Ащысай (Мырзагора)» БҚО әуе желісін күрделі жөндеуге 3 жобаларына 1 128,0 млн. теңге (2024 жылғы 25 маусымдағы №499 ҚРҮҚ),
- 2024 жылғы су тасқыны салдарынан 797 ШОБ субъектісіне келтірілген залалды өтеу үшін 12 088,5 млн. теңге (2024 жылғы 28 маусымдағы №508 ҚРҮҚ),
- Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының жол инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша жөндеу және құрылыс жұмыстарына 22 718,3 млн. теңге (2024 жылғы 18 шілдедегі №577 ҚРҮҚ),
- Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім беру нысандарында жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге 7 533,0 млн.теңге (2024 жылғы 23 шілдедегі №587 ҚРҮҚ),
- «Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы Универсальный көшесі бойынша «РЖД» ААҚ теміржол жолдары арқылы автожол өткелін салу» жобасын іске асыруға 2 900,0 млн. теңге (2024 жылғы 23 шілдедегі №588 ҚРҮҚ),
- Ақмола облысының 7 сумен жабдықтау нысаның жөндеуге 572,4 млн.теңге (2024 жылғы 21 тамыздағы №680 ҚРҮҚ),
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -