2024 жылы қараша айында Шанхайда (ҚХР) өтетін Қытайдың халықаралық импорт көрмесіне Қазақстанның қатысуын ұйымдастыру туралы: Астана қаласы, 19 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

2024 жылы қараша айында Шанхайда (ҚХР) өтетін Қытайдың халықаралық импорт көрмесіне Қазақстанның қатысуын ұйымдастыру туралы

Қазақстандық компаниялар 2024 жылғы Шанхайда өтетін Қытай халықаралық импорт көрмесіне қатысуға шақырылады.

Қазақстандық компаниялардың Қытайдың халықаралық импорт көрмесіне (China International Import Expo) қатысуға тіркелу ашық екенін қуана хабарлаймыз, көрме 2024 жылдың 5-10 қараша аралығында Шанхайда (Қытай) өтеді.

Шанхай қаласындағы Қытайдың 7-ші халықаралық импорт көрмесіне (China International Import Expo) 40 қазақстандық азық-түлік экспорттаушы компаниялар қатысады. Биыл отандық тауар өндірушілер «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнеркәсібі» секторында ұлттық стендті ұсынады.

Қазақстандық экспортқа бағытталған кәсіпорындарды іріктеуді мемлекеттік қолдау шараларының операторы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ арқылы жүзеге асырады.

Көрмеге қатысуға тіркелу 2024 жылғы 15 шілдеде ашылады және 2024 жылғы 15 тамызда сағат 17:00-де аяқталады.

Тіркеу сілтемесі: https://forms.gle/bqFDbYcjDdLeWoYV7.

Тіркеу ашылғаны туралы ақпарат жергілікті атқарушы органдарға, ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына (оның ішінде ӨКП), «KazakhExport» АҚ-на жіберіледі, сондай-ақ телеграмм арналарда орналастырылады: https://t.me/exportgovkz, https://t.me/exportgov.

Үміткерлерді іріктеу белгілі бір талаптарға сәйкес өтініш бере алған компаниялар арасында жүргізіледі. Іріктеуге қатысу үшін компания Қазақстан аумағында кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелуі керек, оның өндіретін өнімдері және\немесе қызметтері Қытай нарығында сұранысқа ие болуы қажет. Сонымен қатар, өнімнің немесе қызметтердің сапасы міндетті түрде ҚР қауіпсіздік стандарттары мен халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек.

Басқа критерийлердің қатарына кәсіпорынның қолданыстағы заңнамаға сәйкес салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша қарыздары болмауы шарт. Қытай аумағындағы іс-шараларға қатысу үшін кәсіпкерлердің ҚХР Бас кеден басқармасының жүйесінде аккредитациясы болуы керек. Ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауға жататын тауарлар әсіресе мұқият қарастырылады. Бұл Қытайдың ұлттық заңнамасымен байланысты, онда барлық азық-түлік өнімдерін өндіру және сақтау кәсіпорындары, соның ішінде сусындар, тіркеліп, қытайдың CIFER тіркеу жүйесіне енгізілуі қажет деп реттелген.

Қытай халықаралық импорт көрмесі түрлі елдердің тауарлары мен қызметтерін Қытай нарығына шығару үшін бірегей мүмкіндік береді және сауда мен инвестиция саласындағы Қытайдың халықаралық ынтымақтастығының маңызды платформасы.

Соңғы 6 жыл ішінде Қазақстан CIIE көрмесіне қатысып, 163 қазақстандық компанияның қатысуын қамтамасыз етті. Бұл алаң қазақстандық кәсіпкерлерге 323 млн. АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық келісімшарттар жасауға мүмкіндік берді.

Барлық қызығушылық танытқан компанияларды тіркеліп, өз өнімдері мен қызметтерін халықаралық аудиторияға ұсынуға шақырамыз. CIIE-ге қатысу сіздің компанияларыңызға келесі мүмкіндіктерді береді:

- Өз тауарларыңыз бен қызметтеріңізді жаһандық аренада көрсету;

- Жаңа іскерлік байланыстар мен серіктестік қатынастар орнату;

- Жаңа нарықтарға қол жеткізу және сату географиясын кеңейту;

- Түрлі салалардағы ең жаңа тенденциялар мен инновациялармен танысу.

Ақпарат көзі: Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар