2024 жылы Қазақстан аумағы арқылы ресейлік, түркімен және өзбек газын тасымалдау артады
Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында елдің газ саласының дамуы туралы есеп берді.
Министр баяндамасынан:
Елдің газ бойынша транзиттік әлеуетін толыққанды пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2023 жылы қазанда еліміз арқылы Ресей газын Өзбекстан Республикасына транзиттеу басталды. 2023 жылы 1,28 млрд м³ тасымалданса, биыл аталған көрсеткішті 3,8 млрд м³-ке дейін арттыру жоспарлануда, әрі қарай 11 млрд м³/жылына дейін ұлғайту көзделген.
Сондай-ақ, Түркіменстан мен Өзбекстан газын еліміз арқылы Қытай Халық Республикасына транзиттеу тұрақты өсіп келеді. Биыл транзитті 37,1 млрд м³-ге дейін арттыру жоспарлануда (+1,5 млрд м³ өткен жылмен салыстырғанда).
Бұдан бөлек, Ресей газының Қырғызстанға транзитін арттыру мәселесі талқылану үстінде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -