2024 ЖЫЛЫ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІ ПРЕНАТАЛДЫҚ СКРИНИНГПЕН ҚАМТУ 10%-ҒА ӨСТ
Ұрықтың патологиясын ерте диагностикалау үшін биыл жүкті әйелдердің 87%-ы пренаталдық скринингтен өтті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10%-ға жоғары.
Бүгінгі таңда жүктілік бойынша есепте 270 мыңға жуық әйел тұр, оның тек 61%- ы ұсынылған ерте мерзімде-10 аптаға дейін емханадағы өз учаскелерінде дәрігерлерге жүгінді.
Пренаталдық скрининг жүргізудің қолжетімділігін жақсарту және жүкті әйелдер үшін жайлылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін еліміздің 10 өңірінде "Бір күндік клиника"жобасы іске асырылып жатқанын естеріңізге сала кетейік. Жобаның шеңберінде жүкті әйелдер бір күннің ішінде тексеруден өтіп, ұрықтың жағдайы туралы толық ақпарат ала алады.
Бүгінгі таңда елімізде босандыру саласында 5 мыңнан астам акушер-гинеколог және 9 мыңнан астам акушер жұмыс істейді, олар жыл сайын орта есеппен 400 мың жүкті әйелдің босануын бақылайды және қабылдайды.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында республикада 275 мыңнан астам бала дүниеге келді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -