23 маусым – ҚР Мемлекеттік қызметшілер күні
Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің кәсібиліктеріңіз, патриотизмдеріңіз бен жұмыстарыңызға деген адалдықтарыңыздың арқасында біздің мемлекеттік жүйе тиімді жұмыс жасап, халықтың сеніміне ие болуда. Азаматтардың құқықтарын қорғап, өмірдің барлық маңызды салаларын дамытуға ықпал етіп, алдыңғы шепте тұрған да өздеріңіз. Әр күнгі жанқиярлық еңбектеріңіз еліміздің қауіпсіздігі мен халқымыздың амандығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет жай жұмыс емес, ол - қоғамға қызмет етудің ең жоғарғы түрі. Бұл – ерік-жігері мықтылардың, әлемді жақсырақ және әділетті етуге ұмтылғандардың таңдаған жолы. Сіздер мемлекеттің тірегі, жүрегі мен жаны, қозғаушы күшісіздер.
Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, амандық және барлық бастамаларына сәттілік тілеймін.
Құрметпен,Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілАртур Ластаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -