4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл оқиға еліміз үшін жаңа жетістіктер жолындағы басты оқиғалардың бірі болды.Ту, Елтаңба және Әнұран ұлттың бірегейлігін, егемендігі мен бірлігін білдіреді, халқымыздың отансүйгіштігі мен патриотизмін нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Рәміздеріміздер әрбір қазақстандық үшін шынайы мұрасы екенін ұмытпауымыз керек, сондықтан оларды қастерлеу, қорғау және құрметтеу - баршамыздың парызымыз. Сонымен қатар бұл – Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің көрінісі.
Тәуелсіздік алған 32 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанның рәміздері бүкіл әлемге танылды – көптеген спорттық, мәдени және саяси алаңдарда көк Туымыз тік төбемізде желбіреп, республикамыздың Әнұраны салтанатты түрде шырқалуда. Осындай сәттерде елімізге, жерімізге деген мақтаныш әрқайсымыздың бойымызды сезімі кернейтіні сөзсіз.
Осы күні баршаңызға құт-береке, бейбітшілік, ашық аспан, отбасыларыңызға ынтымақ пен тыныштық тілеймін!
Құрметпен,Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілАртур Ластаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -