50 млн теңге субсидия жымқырғаны үшін ауылшаруашылық кооператив төрағасы сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігімен асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысын жымқыру және заңдастыру дерегі анықталды.
Жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексерумен 2023 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданында ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы, аналық қой басының саны және ұрықтандыру тәсілі жайлы шындыққа жанаспайтын ақпаратты қолдана отырып 50 млн теңге субсидия алған.
Бұнымен тоқтамай, кооператив төрағасы өзінің қылмыстық табысын көбейту және заңдастыру мақсатында субсиялау талаптарын ескермей, түскен мемлекет қаражатының бір бөлігін кооператив депозитына аударып, түскен пайданы өз қажетіне жаратқан.
Сот үкімімен кооператив төрағасы мемлекет қаржысын жымқыру және қылмыстық пайданы заңдастыру бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сондай-ақ, Агенттік мемлекет қаржысын жымқыру үшін жауапкершілік көзделгендігін ескерте отырып, экономикалық құқықбұзушылықтар жайлы «АФМ Insider» телеграмм боты арқылы хабарлау мүмкіндігі барын еске салады.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметіАқпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -