60 жыл көлік жүргізген қария
60 жылдан аса көлік тізгіндеген Қуаныш Бекшойынов техниканың тілін жатқа біледі. Бүгінде зейнет жасында болса да сүйікті кәсібінен ажырамай, елінің алғысын арқалап келеді.
«Көлікке деген құмарлығым бала жастан бар. Ол кезде бүгінгідей көлік көп емес. Жүргізушілер даярлайтын арнайы мектепке жазылып, бітіріп шықтым. Содан бері техника менің сенімді серігіме айналды. Жасым келсе де көлігіме өзім күтім жасаймын», -дейді қария.
Қуаныш Бекшойынұлының тақымында «ГАЗ 51» маркалы жүк көлігі. Ақсақал бұл көлікпен соңғы 50 жылдан бері бірге келе жатыр. Көлігін жаңартуды ойына да алмайды. 6 баладан 14 немере, 6 шөбере көріп отырған қария темір тұлпарымен мыңдаған шақырымды артқа тастап, ауылдастарына қызмет көрсетті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -