STUDY IN KAZAKHSTAN КӨРМЕСІ ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒАСУДА: Астана қаласы, 06 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

STUDY IN KAZAKHSTAN КӨРМЕСІ ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін Study in Kazakhstan көрмесі үшінші мегаполис Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде жалғасты. Қазақстандық жастардың білім алуына мүмкіндік беретін көрмеге әлемнің жетекші ЖОО-ның Қазақстандағы 20 филиалы қатысуда. Іс-шараға 4 мыңға жуық 9-11 сынып оқушылары қатысты, олардың арасында Қызылорда қаласынан келген түлектер де бар.

Көрмеге қатысқан ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, педагог-профориентолог Айдос Жұманазар талапкерлерге бүгінгі ауқымды іс-шараның маңыздылығын түсіндіріп, мамандық таңдау бойынша кеңестерін ұсынды.

«Қазақстанда 2022-2024 жылдары аралығында Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен стратегиялық серіктес негізінде 23 шет елдік оқу орнының филиалдары ашылды. Бұл – жастарымыз үшін керемет мүмкіндік. Яғни енді олар Қазақстаннан шықпай-ақ халықаралық деңгейде білім алып, ең маңыздысы оған мемлекеттік грант негізінде қол жеткізе алады. Филиалдарда нарыққа қажетті IT, жасанды интеллект саласында мамандар даярлауға басымдық берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Мәселен, биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанынан Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің филиалы жұмысын бастайды», – деді өз сөзінде Руслан Тоқтарбекұлы.

Жәрмеңкеге қатысқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы Қытай университеті филиалы өкілі Қарлығаш Боранқұлова талапкерлердің оқу ордасына деген қызығушылығы басым болғанын атап өтті. «Бітіруші түлектер Қытай университеті және оның мүмкіндіктері, білім алу талаптары жайында сұрап жатыр және ақпараттық технологиялар бағытындағы мамандықтарға сұранысы жоғары екенін байқадық» деген пікірімен бөлісті.

Түлектер шет елдік әрбір ЖОО филиалдарының білім берудегі ерекшелігі, қос диплом жүйесі секілді өздеріне қажетті мәліметтермен жіті танысуда.

Алда ҰБТ сынағы, талапкелердің өз мамандықтарын таңдайтын уақыттары жақындап келеді. Study in Kazakhstan жәрмеңкесі – бұл үшін таптырмас алаң.

Құрметті жас талапкер, ата-аналарыңызбен бірге келіп, тың ақпарат, қажетті мәлімет алуға мүмкіндігіңіз бар! Көрме Әуезов университетінде 7 ақпанға дейін жалғасады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар