Облыста көктемгі су тасқынына дайындық жүруде
Ақсуат ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу үшін тиісті шаралар қолға алынуда. Қазірдің өзінде аудан бойынша 25 түрлі техника, 16 тасымалданатын су сору насосы (мотопомпа), 2 тіркемелі су сору насосы (мотопомпа) дайындалды.
Сонымен қатар 10 000 (он мың) қап барлық ауылдық округтерге таратылып, инертті (күл, шлак, құм) материалдарға толтырылды. Қаптар су басу қаупі бар участоктерге қойылуда.Аудан аумағындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда орналасқан 14 көпір, 207 су өткізгіш трубалар, тоғамдардың, ауыл ішіндегі арықтардың арналары мен көмейлерін қардан тазарту жұмыстары жүруде. Елді мекендерден қар шығару ағымдағы жылдың қаңтар айында басталып, 2500 текше метр қар шығарылды.
Бесқарағай ауданы да су тасқыны кезеңіне дайындалуда. Елді-мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасып, бүгінгі күні 2000 текше метр қар шығарылды. Ауданға қарасты ауылдардағы арықтар тазартылып, автомобиль жолдарындағы су өткізгіш трубалар қардан аршылды.
Мақаншы ауданы бойынша көктемгі су тасқынын қаупін алдын алу мақсатында өткен күзде 11 ауылдық округтердің түрғындарымен бірлесе отырып, ауылдардағы арықтарды, каналдарды, көпірлерді тазалау жүргізілді.Сондай-ақ өзге аудандардағы сияқты арнасы таяз өзендер тереңдетіліп, кейбір өзендердің арнасымен қар суын бұру жұмыстары қолға алынды. Өзен жағалауларын бекіту шаралары да назардан тыс қалған жоқ.
Көкпекті ауданы бойынша 13 көпір, 102 су өткізгіш құбырлар бар. Олардың дені республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында орналасқан. Бүгінгі таңда аталған учаскелерде көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Ақпан айының 3-11 аралығында Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының синоптиктері, Ертіс бассейндік инспекциясы және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Семей қаласы, Жарма, Көкпекті, Ақсуат, Аягөз, Үржар, Бородулиха аудандарын аралап, осы өңірлерге түскен қардың мөлшерін анықтады. Арнайы топ сапар қорытындысы бойынша әкімдіктерге алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар алгоритімін ұсынады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -